Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Подготовительное отделение
 Центр рекрутинга абитуриентов: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Подготовительное отделение

Дайындық бөлімі – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университететі, ЖОО-на даярлау орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім - Елбасының ұстанған саясаты аясында шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерін, ҚР орта, кәсіби орта (колледж) білім беру ұйымдарының бітірушілерін кешенді тестілеуге даярлау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 54, 2009 жылдың 11 наурызындағы рұқсат беру шешімі бойынша ашылды.
Қазақстанның рухани астанасы – Семейде дайындық бөлімінің ашылуы шетелдегі қазақ диаспорасынан қолдау тапты.
Бөлім шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен квотасына сәйкес мемлекеттік гарнт (тегін) негізінде, ал Қазақстан Республикасының орта, кәсіби орта (колледж) білім беру ұйымдарының бітірушілерін университет ректорының бұйрығы негізінде ақылы түрде кешенді тестілеуге даярлайды.
Ашылған жылдардан бері бөлімдегі тыңдаушыларының жыл сайынғы оқуға түсу көрсеткіші 70-80 пайызды құрайды. Олар Семейдегі және ҚР жоғары және арнайы оқу орындарында оқып, білім алуда.
Сондай-ақ, университет ұжымы тарапынан өнерге, спортқа, ақындыққа, әдебиетке бейім жастарға үлкен қолдау көрсетіледі.
Тыңдаушыларға білікті маман-ұстаздар мен университеттің оқытушы-ғалымдары дәріс оқиды. Бөлімде ғылым кандидаттары, доцент, аға оқытушылар, магистрлер, ҚР білім беру ісінің үздіктері білім беруде. Барлығы 20 оқытушы қызмет етеді.

БАЙЛАНЫСТАР
Мекенжайы: Семей қ., Қашаған көшесі, 1.
Байланыс телефоны: 8(7222)77-34-02
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма; сағ. 9.00-18.00

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном