Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Түлектердің АТА – АНАЛАРЫНА ескертпе

Құрметті ата-аналар! Емтихан – Сіздің балаңыздың өміріндегі ең жауапты қадам. Оларға жақын адамдардың қолдауы өте қажет. Баланың емтиханға дайындалып, толқуын басу үшін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз:

1. Сіздің мазасызданғаныңыз балаларға беріледі, олардың уайымдауын күшейтеді. Балаларды жігерлендіріп, көңіл күйін көтеріп жоғары нәтижеге жетуге талпындырыңыз. Оларды мақтап, істеген ісінің дұрыс екенін айтыңыз. Өзіне деген сенімділігін нығайтыңыз.

2. Баланың ҰБТ-да алған ұпайларына философиялық тұрғыдан қараңыз, емтиханнан кейін оны сынамаңыз. Жиналған ұпайы оның мүмкіндігінің өлшемі емес екендігін айтыңыз. Ата-ананың балаға өз күшіне деген сенімділігін сақтауына көмектесу өте маңызды. Мектеп түлектерінің алдағы уақытта тағы бір сынақтан өтетіндігін есіңізде сақтаңыз.

3. Баланың көңіл-күйіне назар аударыңыз. Шаршауына байланысты баланың денсаулығының төмендегенін Сізден басқа ешкім өз уақытында байқай алмайды, сондықтан оның алдын алуға тырысыңыз.

Шаблоны с адаптивным дизайном