Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Пікірлер
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген, жастық шақтың мәңгілік мекені, білімге сусындаған бақытты кезеңіміздің самал лебі есіп тұрған университетім Семей өңірінің өзге жоғары оқу орындарынан сапалық жағынан ерекшеленіп тұрған көпсалалы, классикалық ...

Студенттік кезең адам өміріндегі ең бір қимас, қызығы мол күндер. Сонымен бірге өнер, ғылымға деген сүйіспеншілік пен ықыластың да осы кезеңдерде қалыптасатындығы сөзсіз шындық. Асығым оңынан түсіп, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қабырғасында биология мамандығы бойынша үш жыл білім алып келемін. Адамгершіліктің мың жылдық дәні егілген, жастық шақтың мәңгілік мекені, білімге сусындаған бақытты кезеңіміздің самал лебі есіп тұрған университетім Семей өңірінің өзге жоғары оқу орындарынан сапалық жағынан ерекшеленіп тұрған көпсалалы, классикалық еуропалық университет үлгісіндегі оқу орны болып табылады. Осындай киелі қара шаңырақта білім алып жатқаныма шекіз бақыттымын. Әрбіріміздің көкірегімізді «Менің университетім» деген зор сүйініш кернейді. Біз университетіміздің мәртебелі тарихымен мақтанамыз және біздей сан мыңдаған шәкірттеріңмен абыройың арта түссе деген тілекпен жан аямай қызмет қыламыз.

Абдрашева Гаухар Аскарқызы, Жаратылыс ғылымдар факультетінің 5В011300-Биология мамандығы Е-213топ студенті

Студенттерге білім алуға, спортпен айналысуға, қоғамдық жұмыстарға, түрлі үйірмелерге қатысып шеберлігін шыңдауға толық мүмкіндік жасалған. Қай бағытта болмасын университет басшылығы, ұстаздарымыз әрқашан да қолдау көрсетіп, көмектерін жасайды

Мен, Жумадилов Ержан Есетұлы, 2011 ж. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің білім беру гранты негізінде оқуға түстім. Қазір Физика мамандығы бойынша 4 курста оқып жатырмын. Студенттерге білім алуға, спортпен айналысуға, қоғамдық жұмыстарға, түрлі үйірмелерге қатысып шеберлігін шыңдауға толық мүмкіндік жасалған. Қай бағытта болмасын университет басшылығы, ұстаздарымыз әрқашан да қолдау көрсетіп, көмектерін жасайды. Осы 4 жыл бойы түрлі-түрлі олимпиадалар мен конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Қай олимпиадаға қатыссам да, университет басшылығы әрқашан қолдау көрсетіп, қаржылай көмекпен қамтамасыз етіп отырды. Мәселен, 2013 ж. физикадан студенттердің халықаралық олимпиадасына қатысу құны 250 евро болды. Алайда университеттің көмегімен осы олимпиадаға қатысу құқығына ие болдым. Осы сияқты Оралда өткен теориялық механикадан республикалық олимпиадаға және Алматыда өткен физикадан республикалық олимпиадаға қатысуым үшін университет жол ақымды төлеп берді. Ғылыми-зерттеу жұмыстардағы жетістігім үшін ҚР Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаевтың қолынан Алғыс хат алдым. Сондықтан университет басшыларына осы көмектері үшін алғыс айтам.

Жумадилов Ержан Есетұлы Физика-математика факультеті, ФЗ-105 тобының студенті

Студенттерге оқу мен ғылымда өз білімдерін көрсетіп, белгілі бір жетістіктерге жету үшін барлық жағдайлар жасалған. Жыл сайын әр түрлі ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда

Факультетімізде студенттерге оқу мен ғылымда өз білімдерін көрсетіп, белгілі бір жетістіктерге жету үшін барлық жағдайлар жасалған. Жыл сайын әр түрлі ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Сонымен қоса, факультетімізде 1-3 курс студенттерінен құралған кіші деканат құрамы белсенді жұмыстар атқаруда. Оған дәлел студенттер университет көлемінде, қала көлемінде өтетін әр түрлі іс-шараларға қатысып, жүлделі 1, 2-ші орындарға ие болуы. Осындай іс-шаралар арқасында факультет студенттері төрт жылдық студенттік өмірлерін қызықты да мәнді өткізіп, өздерін әр түрлі қырларынан танытады. Университетіміздің осындай бетке ұстар факультетінде білім алып жатқанымды мақтан тұтамын! Білімді студент, болашақ білікті маман – жарқын болашақ кепілі!

Амантаева Арайлым, 5В010900-Математика мамандығының 4 курс студенті

Дарындылар мен таланттылардың ортасына түсіп, қайнаған қара қазанның қаймағын қалқып, тегін білім алып жатқан студент болып жүргенім- өз таңдауымның қате еместігінің белгісі. Бүгінгі күнде республика көлеміне танымал ғалымдар оқыған дәрісханада дәріс ...

Мамандығым – мақтанышым

Мен, 80-жылдан астам тарихы бар махаббат мекені Аягөз елінен келіп, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, филология факультетінде білім алып жатқаныма дән ризамын. Дарындылар мен таланттылардың ортасына түсіп, қайнаған қара қазанның қаймағын қалқып, тегін білім алып жатқан студент болып жүргенім- өз таңдауымның қате еместігінің белгісі. Бүгінгі күнде республика көлеміне танымал ғалымдар оқыған дәрісханада дәріс тыңдап, Қинаят Шаяхметұлы, Арап Сләмұлынан бата алып жүргеніме өзімді бақытты сезінемін. Терең білімді өнегелі ұстаздардан бойымызға сіңіріп қана қоймай, сахнаның, баспасөздің, шешендік өнердің, мәнерлеп оқудың да қыр-сырын меңгеріп жатқанымыз факультетіміздің жан-жақтылығын көрсетеді. Білім мен қоғамдық жұмысты қатар алып жүретін студенттің 4 жылдық уақыты бос өтпеуге тиіс. Болашақ өміріме қолғабыс беретін дүниелерді меңгергеніме «Ғылыми-жобалау алаңы» мен «Іс-қағаздар жұмысын жүргізу» бойынша алған сертификаттарым дәлел болмақ. Менің мамандығым тек қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ғана емес, баспасөз, радио, театр, кітапхана сынды орындарда қызмет жасауыма көмек береді. Міне, 4 жылдық студенттік өмірімнің ақырғы күндері көз алдымнан құм сағаттай жылжып өтіп жатыр. Білімімді ары қарай шыңдай түсу үшін магистратураға тапсырмақ ойым бар. Ұстаздар студенттерге білім беруге қалай жалықпаса, филология факультетінен әрмен қарай білім алуға менде жалықпаймын. Тек білімнің ғана емес, өмірлік ұстаз болған факультет ұжымына алғысым шексіз.

Байболова Данагүл, 4-курс «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Мен «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Кардифф қаласында «Қоғаммен халықаралық байланыс және жаhандық байланысты басқару» мамандығы бойынша ...

Мен «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Кардифф қаласында «Қоғаммен халықаралық байланыс және жаhандық байланысты басқару» мамандығы бойынша магистратурада оқыдым. Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің «Аударма ісі» мамандығы бойынша алған білімім маған көп көмектесті. Мен еш қиындықсыз IELTS тестін тапсырып, 7 ұпай алдым. Өз кафедрамның, яғни аударма теориясы және практикасы кафедрасы оқытушыларына ағылшын тілінен, аударманың әдісі мен тәжірибесінен, мәдениаралық байланыс мәселелері бойынша алған біліміме алғысымды білдіремін.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет қабырғасында, шет елдегі магистратурада алған білімім, сонымен қатар Астана қаласындағы халықаралық мекемелердегі және білім аумағында істеген тәжірибем маған Қазақстанның білім беру аумағын дамытуға үлес қосқан санатты адамдар қатарына қосылуыма көмек болды. Осылайша мен Астанадағы АОО «Назарбаев интелектуалдық мектебінде» жұмыс істеп жүрмін.
Толықтай айтқанда Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетіндегі «Аударма ісі» мамандығы туралы, мамандықты қалай таңдаудың жолында тұрған, жаңа ғана аяқтаған мектеп түлектеріне осы жоғарғы оқу орны мен осы мамандықты таңдауға батыл кеңес беремін. Оқытушылар студенттерді оқытуға бар ынта-жігерлерін салады, ары қарай оқуын жалғастырғысы келетін түлектерге өте жақсы білім негізін береді.

Туйтина Назгуль Себеповна, 2010 жылғы «Аударма ісі» мамандығының түлегі

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном