Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Пікірлер
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Қазіргі кезде мен АҚШ-да "Болашақ"халықаралық бағдарламасы бойынша оқып жүрмін. Магистратура немесе Undergraduate school ...

Қазіргі кезде мен АҚШ-да "Болашақ"халықаралық бағдарламасы бойынша оқып жүрмін. Магистратура немесе Undergraduate school өзгешеліктері көптеп саналады, қазіргі таңда мен University of California San Diego университетінде тілдік дайындықтан өтіп жатырмын.Силикон алқабы штаты жаңа технологиялармен байланысты болғандықтан, Computational linguistics or Cognitive Linguistics бағдарламалары бойынша магистратураны жалғастыру қызығушылықтарым бар.
Аударма теориясы мен кафедрасының оқытушылар құрамына шын көңілмен алғысымды білдіремін. Әсіресе кафедра меңгерушісі Ж.У. Калимова мен аға оқытушы Г.С.Басимованың жан-жақты берген көмегін, білімдерін және шыдамдылықтарын атап айтқым келеді.

Данияр Төлтаев, «Аударма ісі» мамандығының 2013 жылғы түлегі, ПД-909 тобы

Мен 5В050600 «Экономика» мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Өйткені, осы мамандықты таңдай отырып, өмірде өз орнымды таптым. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде оқыған ...

Бекбосынова Ақмарал 5В050600 «Экономика» мамандығының 2011 жылғы түлегі, «Жұлдыз-Ардақ» балабақшасында экономист-бухгалтер.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде мамандар даярлау деңгейі өте жоғары.Өз тәжірибем көрсеткендей, жұмысқа тұрған кезде базалық білімі жоғары тұлғаларға басымдылық беріледі. Мен 5В050600 «Экономика» мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Өйткені, осы мамандықты таңдай отырып, өмірде өз орнымды таптым.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде оқыған 4 жыл ішінде терең білім алып қана қоймай, тұлға ретінде қалыптастым деп айта аламын. Мен білім алған «Экономика және бизнес» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мықты, 80 пайызға дейін ғылым кандидаттары болды. Сәйкесінше,оқыту әдістемесі жетілген, білім беру деңгейі сапалы болды. Университет заманауи технологиялармен жабдықталып, материалдық тұрғыдан толық қамтамасыз етілген. Университетте алған білімім жұмыста пайда болған күрделі жағдайларда басқарушылық шешім қабылдауға , мәліметтер мен ақпараттардың кең көлемін өңдеуге және талдауға, жобаларды бағалауға, кәсіпорынның қызметін ің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдауда көмектеседі.
Университтегі кезең, әр студент үшін қызықты шақ. Ғылыми, спорттық және мәдени жаңалықтарға, қызыққа толы университет өмірін ризашылықпен еске аламын.
Студенттерге айтарым: көп талпынып, өз бетіңмен ізденуге осы бастан үйреніп, белсенді болуға тырысу керек. Оқу – басты орында екенін ұмытпаныздар. Ол үшін Біздің университетте барлық мүмкіндіктер бар!

5В050600 «Экономика» мамандығының 2011 жылғы түлегі -  Бекбосынова Ақмарал

Теориялық жағынан да, практикалық жағынан да жоғары дәрежеде білім берді. Осы берген білімнің арқасында жұмысқа орналасып, табысты қызмет атқарудамын. Сонымен қатар...

Мен Айжан Тоқтасынқызы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде журналистика мамандығын төрт жыл грантта оқып бітірдім. Қолыма диплом алмай жатып «Ертіс өңірі» республикалық газетінде журналист қызметіне орналастым. Қазіргі таңда осы газетте қызмет атқарудамын.
Университет мұғалімдерін өз істерінің маманы деп айта аламын. Теориялық жағынан да, практикалық жағынан да жоғары дәрежеде білім берді. Осы берген білімнің арқасында жұмысқа орналасып, табысты қызмет атқарудамын. Сонымен қатар, студенттердің журналист болып шыңдалуына барлық жағдай жасалған. Атап айтар болсам, телестудия – студенттердің тележурналист болып қалыптасуына ықпал етсе, радиостудиядан талай радиожурналистер шықты. Ал, баспахананың тыныс-тіршілігмен танысып өскен студенттер кез-келген газет-журналдарда жемісті қызмет атқарары анық.

Тоқтасынқызы Айжан, 5В050400 Журналистика мамандығының түлегі

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном