Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Мен 5В050600 «Экономика» мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Өйткені, осы мамандықты таңдай отырып, өмірде өз орнымды таптым. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде оқыған ...
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Мен 5В050600 «Экономика» мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Өйткені, осы мамандықты таңдай отырып, өмірде өз орнымды таптым. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде оқыған ...

Бекбосынова Ақмарал 5В050600 «Экономика» мамандығының 2011 жылғы түлегі, «Жұлдыз-Ардақ» балабақшасында экономист-бухгалтер.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде мамандар даярлау деңгейі өте жоғары.Өз тәжірибем көрсеткендей, жұмысқа тұрған кезде базалық білімі жоғары тұлғаларға басымдылық беріледі. Мен 5В050600 «Экономика» мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Өйткені, осы мамандықты таңдай отырып, өмірде өз орнымды таптым.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде оқыған 4 жыл ішінде терең білім алып қана қоймай, тұлға ретінде қалыптастым деп айта аламын. Мен білім алған «Экономика және бизнес» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мықты, 80 пайызға дейін ғылым кандидаттары болды. Сәйкесінше,оқыту әдістемесі жетілген, білім беру деңгейі сапалы болды. Университет заманауи технологиялармен жабдықталып, материалдық тұрғыдан толық қамтамасыз етілген. Университетте алған білімім жұмыста пайда болған күрделі жағдайларда басқарушылық шешім қабылдауға , мәліметтер мен ақпараттардың кең көлемін өңдеуге және талдауға, жобаларды бағалауға, кәсіпорынның қызметін ің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдауда көмектеседі.
Университтегі кезең, әр студент үшін қызықты шақ. Ғылыми, спорттық және мәдени жаңалықтарға, қызыққа толы университет өмірін ризашылықпен еске аламын.
Студенттерге айтарым: көп талпынып, өз бетіңмен ізденуге осы бастан үйреніп, белсенді болуға тырысу керек. Оқу – басты орында екенін ұмытпаныздар. Ол үшін Біздің университетте барлық мүмкіндіктер бар!

5В050600 «Экономика» мамандығының 2011 жылғы түлегі -  Бекбосынова Ақмарал

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном