Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Мен «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Кардифф қаласында «Қоғаммен халықаралық байланыс және жаhандық байланысты басқару» мамандығы бойынша ...
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Мен «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Кардифф қаласында «Қоғаммен халықаралық байланыс және жаhандық байланысты басқару» мамандығы бойынша ...

Мен «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Кардифф қаласында «Қоғаммен халықаралық байланыс және жаhандық байланысты басқару» мамандығы бойынша магистратурада оқыдым. Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің «Аударма ісі» мамандығы бойынша алған білімім маған көп көмектесті. Мен еш қиындықсыз IELTS тестін тапсырып, 7 ұпай алдым. Өз кафедрамның, яғни аударма теориясы және практикасы кафедрасы оқытушыларына ағылшын тілінен, аударманың әдісі мен тәжірибесінен, мәдениаралық байланыс мәселелері бойынша алған біліміме алғысымды білдіремін.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет қабырғасында, шет елдегі магистратурада алған білімім, сонымен қатар Астана қаласындағы халықаралық мекемелердегі және білім аумағында істеген тәжірибем маған Қазақстанның білім беру аумағын дамытуға үлес қосқан санатты адамдар қатарына қосылуыма көмек болды. Осылайша мен Астанадағы АОО «Назарбаев интелектуалдық мектебінде» жұмыс істеп жүрмін.
Толықтай айтқанда Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетіндегі «Аударма ісі» мамандығы туралы, мамандықты қалай таңдаудың жолында тұрған, жаңа ғана аяқтаған мектеп түлектеріне осы жоғарғы оқу орны мен осы мамандықты таңдауға батыл кеңес беремін. Оқытушылар студенттерді оқытуға бар ынта-жігерлерін салады, ары қарай оқуын жалғастырғысы келетін түлектерге өте жақсы білім негізін береді.

Туйтина Назгуль Себеповна, 2010 жылғы «Аударма ісі» мамандығының түлегі

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном