Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Дарындылар мен таланттылардың ортасына түсіп, қайнаған қара қазанның қаймағын қалқып, тегін білім алып жатқан студент болып жүргенім- өз таңдауымның қате еместігінің белгісі. Бүгінгі күнде республика көлеміне танымал ғалымдар оқыған дәрісханада дәріс ...
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Дарындылар мен таланттылардың ортасына түсіп, қайнаған қара қазанның қаймағын қалқып, тегін білім алып жатқан студент болып жүргенім- өз таңдауымның қате еместігінің белгісі. Бүгінгі күнде республика көлеміне танымал ғалымдар оқыған дәрісханада дәріс ...

Мамандығым – мақтанышым

Мен, 80-жылдан астам тарихы бар махаббат мекені Аягөз елінен келіп, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, филология факультетінде білім алып жатқаныма дән ризамын. Дарындылар мен таланттылардың ортасына түсіп, қайнаған қара қазанның қаймағын қалқып, тегін білім алып жатқан студент болып жүргенім- өз таңдауымның қате еместігінің белгісі. Бүгінгі күнде республика көлеміне танымал ғалымдар оқыған дәрісханада дәріс тыңдап, Қинаят Шаяхметұлы, Арап Сләмұлынан бата алып жүргеніме өзімді бақытты сезінемін. Терең білімді өнегелі ұстаздардан бойымызға сіңіріп қана қоймай, сахнаның, баспасөздің, шешендік өнердің, мәнерлеп оқудың да қыр-сырын меңгеріп жатқанымыз факультетіміздің жан-жақтылығын көрсетеді. Білім мен қоғамдық жұмысты қатар алып жүретін студенттің 4 жылдық уақыты бос өтпеуге тиіс. Болашақ өміріме қолғабыс беретін дүниелерді меңгергеніме «Ғылыми-жобалау алаңы» мен «Іс-қағаздар жұмысын жүргізу» бойынша алған сертификаттарым дәлел болмақ. Менің мамандығым тек қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ғана емес, баспасөз, радио, театр, кітапхана сынды орындарда қызмет жасауыма көмек береді. Міне, 4 жылдық студенттік өмірімнің ақырғы күндері көз алдымнан құм сағаттай жылжып өтіп жатыр. Білімімді ары қарай шыңдай түсу үшін магистратураға тапсырмақ ойым бар. Ұстаздар студенттерге білім беруге қалай жалықпаса, филология факультетінен әрмен қарай білім алуға менде жалықпаймын. Тек білімнің ғана емес, өмірлік ұстаз болған факультет ұжымына алғысым шексіз.

Байболова Данагүл, 4-курс «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном