Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Студенттерге білім алуға, спортпен айналысуға, қоғамдық жұмыстарға, түрлі үйірмелерге қатысып шеберлігін шыңдауға толық мүмкіндік жасалған. Қай бағытта болмасын университет басшылығы, ұстаздарымыз әрқашан да қолдау көрсетіп, көмектерін жасайды
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Студенттерге білім алуға, спортпен айналысуға, қоғамдық жұмыстарға, түрлі үйірмелерге қатысып шеберлігін шыңдауға толық мүмкіндік жасалған. Қай бағытта болмасын университет басшылығы, ұстаздарымыз әрқашан да қолдау көрсетіп, көмектерін жасайды

Мен, Жумадилов Ержан Есетұлы, 2011 ж. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің білім беру гранты негізінде оқуға түстім. Қазір Физика мамандығы бойынша 4 курста оқып жатырмын. Студенттерге білім алуға, спортпен айналысуға, қоғамдық жұмыстарға, түрлі үйірмелерге қатысып шеберлігін шыңдауға толық мүмкіндік жасалған. Қай бағытта болмасын университет басшылығы, ұстаздарымыз әрқашан да қолдау көрсетіп, көмектерін жасайды. Осы 4 жыл бойы түрлі-түрлі олимпиадалар мен конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Қай олимпиадаға қатыссам да, университет басшылығы әрқашан қолдау көрсетіп, қаржылай көмекпен қамтамасыз етіп отырды. Мәселен, 2013 ж. физикадан студенттердің халықаралық олимпиадасына қатысу құны 250 евро болды. Алайда университеттің көмегімен осы олимпиадаға қатысу құқығына ие болдым. Осы сияқты Оралда өткен теориялық механикадан республикалық олимпиадаға және Алматыда өткен физикадан республикалық олимпиадаға қатысуым үшін университет жол ақымды төлеп берді. Ғылыми-зерттеу жұмыстардағы жетістігім үшін ҚР Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаевтың қолынан Алғыс хат алдым. Сондықтан университет басшыларына осы көмектері үшін алғыс айтам.

Жумадилов Ержан Есетұлы Физика-математика факультеті, ФЗ-105 тобының студенті

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном