Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Компьютерлік технологиясыз іскерлік, саяси, мәдени қатынастарды қойғанда қарапайым адами қарым-қатынасты қалыптастыру қиын. Осынау уақытта біздей мамандарды даярлауда факультетіміздің алар орны ерекше
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Компьютерлік технологиясыз іскерлік, саяси, мәдени қатынастарды қойғанда қарапайым адами қарым-қатынасты қалыптастыру қиын. Осынау уақытта біздей мамандарды даярлауда факультетіміздің алар орны ерекше

Қоғаммен байланыс маманы үшін негізгі атқаратын жұмыстардың барлығы ақпаратпен байланысты. Қазіргі кезде кез келген кәсіпте компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу маңызды да міндетті болып келетін заман. Компьютерлік технологиясыз іскерлік, саяси, мәдени қатынастарды қойғанда қарапайым адами қарым-қатынасты қалыптастыру қиын. Осынау уақытта біздей мамандарды даярлауда факультетіміздің алар орны ерекше. Бос уақыттарында студенттердің түрлі үйірмелерге, спорт секцияларына қатысып, қоғамдық жұмыстармен айналысуына, өздерін рухани, мәдени жағынан жетілдіруіне толық мүмкіндік жасалған. Жатақханамыз туған үйіміз секілді, студенттер арасында татулық пен сыйласымдылық, бір-біріне көмектесуге деген құлшыныс орын алған. Университет басшылығы деканат, ұстаздарымыз әрқашанда бізге көңіл бөліп сұраныстарымызды қанағаттандыруға тырысады. Биылғы жылы факультетіміз 10 жыл мерейлі тойын тойлап отыр, 2004 жылы қалыптасса да өзгеге үлгі, ұлағатты ұстаздарымыздың арқасында университетіміздің абыройлы факультеттерінің бірі. Оның осы уақытқа дейінгі бітіруші түлектеріміздің 92%-ға жуығы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы дәлел болмақ.

Қабдығалиева Еркежан, Мамандық: ақпараттық жүйелер, ИС-207 тобы

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном