Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Факультет қоғамдық жұмыстардан да тысқары емес, барлық болып жатқан факультеттік, университеттік, қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарға, іс-шараларға, конференцияларға белсенді қатысады
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Факультет қоғамдық жұмыстардан да тысқары емес, барлық болып жатқан факультеттік, университеттік, қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарға, іс-шараларға, конференцияларға белсенді қатысады

Осы факультетте білім алып жүргеніме мен өте бақыттымын. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы білікті де білгір өз істерінің мамандары. Сабақ барысында заманауи технологияларды қолданады және студенттердің қызығушылықтарын оята біледі.

Осы ұлағатты ұстаздарымыз бірінші курсқа қабылданып, университет есігін ашқан кезден бастап төккен тер мен сіңірген ерен еңбегінің нәтижесі, менің ғылымға деген құлшынысымды арттыра түсті. Университетімізде студенттердің ғылымға деген қызығушылықтарын ояту мақсатында биылғы оқу жылынан бастап, ғылыми кеңес шәкіртақы тағайындау конкурсын ұйымдастырып, конкурс нәтижесінде ғылыми кеңес ұсынған шәкіртақы иегері атандым.Сонымен қатар, факультет қоғамдық жұмыстардан да тысқары емес, барлық болып жатқан факультеттік, университеттік, қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарға, іс-шараларға, конференцияларға белсенді қатысады. Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарында да факультет студенттері аса белсенді жұмыс жасайды. Факультетімізде кіші деканат, педагогика факультетінің студенттік ғылыми қоғамы, ғылыми және шығармашылық үйірмелер бар. Қазіргі таңда педагогика факультетінің студенттік ғылыми коғамының төрағасы қызметін атқарып жүрмін. Университет және факультет басшыларының тікелей қолдауымен студенттік конференциялар өткізіліп, материалдар жинағы жарық көрді. Мұның барлығы «оқимын, білемін, ізденемін» деп тұрған студенттерге көрсетілген қолдау екені айдан анық. «Педагогика факультеті – менің факультетім» - деп мақтанып тұрып айтуға толығымен де лайықты.

Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы, педагогика факультеті, «Педагогика және психология»мамандығының 3-курс студенті

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном