Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Оқыту жүйесінің нақты ұйымдастырылуы, жоғары квалификациялы ұстаздарды таңдауы, осының бәрі өмірімізге керекті білім мен болашақта қалыптасып дамуымызға ықпалын тигізеді
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Оқыту жүйесінің нақты ұйымдастырылуы, жоғары квалификациялы ұстаздарды таңдауы, осының бәрі өмірімізге керекті білім мен болашақта қалыптасып дамуымызға ықпалын тигізеді

Бірнеше жыл бұрын маған өмірдің жаңа парағы – университет әлемі ашылды. Университеттегі оқу әр адамның өміріндегі ең жарқын және жауапты кезеңі.

Оқу ордасы адамның жеке тұлға және маман ретінде қалыптасуына, ал кафедра қалыптасуда ең басты жүйені құрушы болып табылады. Мен «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасына оқуға түскеніме өте қуаныштымын. Оқыту жүйесінің нақты ұйымдастырылуы, жоғары квалификациялы ұстаздарды таңдауы, осының бәрі өмірімізге керекті білім мен болашақта қалыптасып дамуымызға ықпалын тигізеді. Кафедрадағы құрылғылар мен аудиториялар жылдан жылға жаңаруда. Факультеттегі студенттер заманауи құрылғыларды пайдаланады.

Дәрістерден біз өмірге керекті мағлұматтардың үлкен қорын аламыз. Оқытудың жоғары дәрежесін, ұстаздардың  адал және шыншыл болуы, өзінің жұмысына сүйіспеншілікпен қарауын алғаш рет кездестірдім. Біздің кафедра өте ұйымшыл, біз бір-біріне қиын кезеңде көмектесіп қол ұшын беретін үлкен отбасы сияқтымыз.

Тоқтарғазы Айдана Тоқтарғазықызы, Мамандығы : 5В0717 «Жылу энергетика», ТЭ-215 тобы

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном