Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Пікірлер
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Оқыту жүйесінің нақты ұйымдастырылуы, жоғары квалификациялы ұстаздарды таңдауы, осының бәрі өмірімізге керекті білім мен болашақта қалыптасып дамуымызға ықпалын тигізеді

Бірнеше жыл бұрын маған өмірдің жаңа парағы – университет әлемі ашылды. Университеттегі оқу әр адамның өміріндегі ең жарқын және жауапты кезеңі.

Подробнее...

Мен оқитын киелі ордада студенттердің өзін-өзі жетілдіру үшін, немесе спортпен шұғылдануға, ғылым саласымен айналысуға, өнермен де айналысуға мүмкіндік мол

Бүгінгі таңда мен білім алып жатқан жоғарғы оқу орнына түскен әрбір студенттің сапалы білім алып, білікті маман болуға барлық жағдай жасалған. Оның бірнеше себептерін атап өтуге болады.

Подробнее...

Факультет қоғамдық жұмыстардан да тысқары емес, барлық болып жатқан факультеттік, университеттік, қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарға, іс-шараларға, конференцияларға белсенді қатысады

Осы факультетте білім алып жүргеніме мен өте бақыттымын. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы білікті де білгір өз істерінің мамандары. Сабақ барысында заманауи технологияларды қолданады және студенттердің қызығушылықтарын оята біледі.

Подробнее...

Компьютерлік технологиясыз іскерлік, саяси, мәдени қатынастарды қойғанда қарапайым адами қарым-қатынасты қалыптастыру қиын. Осынау уақытта біздей мамандарды даярлауда факультетіміздің алар орны ерекше

Қоғаммен байланыс маманы үшін негізгі атқаратын жұмыстардың барлығы ақпаратпен байланысты. Қазіргі кезде кез келген кәсіпте компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу маңызды да міндетті болып келетін заман. Компьютерлік технологиясыз іскерлік, саяси, мәдени қатынастарды қойғанда қарапайым адами қарым-қатынасты қалыптастыру қиын. Осынау уақытта біздей мамандарды даярлауда факультетіміздің алар орны ерекше. Бос уақыттарында студенттердің түрлі үйірмелерге, спорт секцияларына қатысып, қоғамдық жұмыстармен айналысуына, өздерін рухани, мәдени жағынан жетілдіруіне толық мүмкіндік жасалған. Жатақханамыз туған үйіміз секілді, студенттер арасында татулық пен сыйласымдылық, бір-біріне көмектесуге деген құлшыныс орын алған. Университет басшылығы деканат, ұстаздарымыз әрқашанда бізге көңіл бөліп сұраныстарымызды қанағаттандыруға тырысады. Биылғы жылы факультетіміз 10 жыл мерейлі тойын тойлап отыр, 2004 жылы қалыптасса да өзгеге үлгі, ұлағатты ұстаздарымыздың арқасында университетіміздің абыройлы факультеттерінің бірі. Оның осы уақытқа дейінгі бітіруші түлектеріміздің 92%-ға жуығы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы дәлел болмақ.

Қабдығалиева Еркежан, Мамандық: ақпараттық жүйелер, ИС-207 тобы

Мен экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетіне мың алғыс айтамын. Бізге біліммен қатар, өмірлік тәжірибе де беруде

Мен Айбатырова Жұлдыз Ерланқызы, Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенті. Менің бұл факультетті таңдау себебім, ауқымды қазіргі экономика саласында мықты маман иесі болу. Мен экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетіне мың алғыс айтамын. Бізге біліммен қатар, өмірлік тәжірибе де беруде. Факультет бізге мемлекеттік басқару,экономика, құқық, статистика, менеджмент, психология, социология және тағы басқа салалар бойынша білім береді. Факультет оқытушылары студенттермен жақсы жұмыс атқарады. Қазірде студенттердің біліктілігін арттыруға ат салысуда. Өздерінің білгендерін студенттерге түсіндіруден шаршаған емес және бей-жай қалдырмайды. Факультетті бітірген студенттер мықты маман иесі болып шығуда. Білікті де білімді оқытушылар арқасында студенттер мықты жетістіктерге жетіп, университетіміздің абыройын асқақтатып жатыр. Сонымен қатар, факультетіміздің деканы – Толымгожинова Майгүл Камбарханқызына және оқытушылар қауымына үлкен рахмет айтқым келеді.

Айбатырова Жұлдыз Ерланқызы, Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенті

Еще статьи...

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном