Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Талапкердің есіне
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

ҰБТ-ға дайындық

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу – оқушылар үшін өте жақсы дайындықты талап ететін маңызды сынақ. ҰБТ – ға түрлі әдістермен дайындалуға болады.

Біріншіден,

әрине, мектептегі жақсы үлгерім тестілеуден өту кезінде сәттіліктің кепілі болар. Егер оқушы орта мектептің барлық курсы барысында жақсы білім деңгейін көрсетсе, әдетте, тестілеу қорытындылары одан күткен нәтижелерден көп ерекшеленбейді. Алайда, “кілең бес алатындар” ҰБТ – да олардан күткен баллдан әлдеқайда төмен алатын кездер болады. Мұндай жағдайларда тестілеуге психологиялық дайындық өте маңызды, ол туралы төменде айтамыз.

Екіншіден,

әрбір қалада ҰБТ – ға дайындауды ұсынатын көптеген білім беру орталықтары бар.
Тестілеуге ҰТО филиалдарында сатылатын сынақ тестілеу кітапшаларының көмегімен дайындалуға болады. Сондай-ақ, ҰБТ – ның барлық пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендері шығарылған.

Соңғы уақытта  ҰБТ тестеріне ұқсас тестері бар түрлі сайттар арқылы интернет көмегімен дайындалу кең етек жаюда. Тестілеуден өтіп, өзінің дайындық деңгейін тексергісі келген адам онлайн – тестілеуден өтеді және нәтижелерін алады.

Сондай – ақ,

оқушының компьютеріне орнатылатын интерактивті тренингтер бар, олардың көмегімен ҰБТ нәтижелерінің мониторингі және тестілеуге дайындық жүргізіледі. Онлайн – тестілеуден айырмашылығы компьютерлік тренингтерде тест тапсырмаларының саны көбірек және ҰБТ ережелерімен дайындалу (мысалы, уақыттық шектеулер) мүмкіндігі бар.

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном