Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Шетелде білім алу
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Халықаралық ынтымақтастық

Кореядағы біздің студенттер

 

Құрметті талапкер!

 

camera test Шетелде білім алғың келе ме?

camera test Екі диплом иегері болғың келе ме?

camera test Шетелдік ғалымдардың дәрісін тыңдағын келе ме?

camera test Білікті маман иесі болғың келе ме?

 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университетін таңда!

 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Кореяның, АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның, Испанияның, Болгарияның, Венгрияның, Турцияның, Россияның және Литваның беделді университеттерімен екіжақты келісімшарттары бар.
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде студентермен алмасу бағдарламасы келесі университеттермен жүргізіледі:

  • Джионгсанг Ұлттық Университеті (Корея),
  • Питтсбург Мемлекеттік университеті (АҚШ),
  • Алькала университеті (Испания),
  • Білім беру ғылымдарының Литва Университеті (Литва),
  • Янош Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдар университеті (Венгрия),
  • Паммукале Университеті (Түркия),
  • Химия-Технологиялық және Металлургиялық университеті (Болгария),
  • Нежмет Ербакан Университеті (Түркия),
  • Алтай Мемлекеттік университеті (Ресей),
  • Томск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей),
  • Оңтүстік Орал Мемлекеттік университеті (Ресей).ms6


ms8

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университетіне түсіп сіздер академиялық ұтқырлық және қосдипломдық бағдарламалар арқылы шетелдің университеттеріне шығуға мүмкіндік ала аласыздар.

Университеттің барлық мамандықтарының студенттері біздің шетелдік серіктес университеттеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы бір семестрге немесе бір оқу жылына оқуға баруға болады.

Біздің университетте шетелдік университеттермен халықаралық серіктестік жақсы дамуда.

 

Келесі мамандықтар бойынша қосдипломдық білім беру Бакалавриат 2+2 бағдарламасы:

  • Шет тілі: екі шет тілі
  • Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету, Информатика
  • Саясаттану

ms10 ms4ms9 

Қосдипломдық 2+2 білім беру – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде 2 жыл күндізгі оқу бөлімінде және шетелдік серіктес университеттерінің бірінде 2 жыл күндізгі оқу бөлімінде білім алу:

- Gyeongsang National University of South Korea

- Pittsburg State University (USA)

- Pamukkale University (Turkey)ms7

- Jan Amos Komeński State School of Higher Vocational Education in Leszno (Poland), қосдипломдық білім беру бағдарламасы «Бакалавриат 1+2+1» (бірінші оқу жылы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде, 2 оқу жылы серіктес шетелдік университетте және оқудың соңғы жылы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде келесі мамандықтар бойынша білім алу: Ағылшын тілі/Английскийязык/бизнестегі филология ; Ауыл-шаруашылығы/Агрономия; Машина жасау; Экономика/Бизнестегі коммуникация

Бакалавриат 3+1 Ковентри Университетімен, Ұлыбритания (CoventryUniversity, UK)

(Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде 3 жыл оқу және оқудың соңғы жылы Ковентри университетінде оқу) 2016 - 2017 оқу жылында келесі мамандықтар бойынша білім алу: Психология, Ағылшын тілі, Биология, Химия

▪ «Биотехнология» мамандығы бойынша Магистратура 1+1 (бір жыл Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде және бір жыл Химико-технологиялық және Металлургиялық Университетінде, Болгария білім алу)

Summer Language School (Жазғы Тілдік Лагерь)

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде ағылшын тілін оқытуға көп көңіл бөледі. Университеттің барлық мамандықтарының студенттері ағылшын тілін үйрететін қосымша бағдарламаларға жазыла алады, шетелден келген ғалымдардың ағылшын тілінде жүргізілетін семинарларына қатысып сертификаттар алады.

Өз болашағыңды Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университетімен бірге тұрғыз! Бізді таңдау арқылы өз болашағыңа үлкен мүмкіндіктер ашасың! Өз болашағың өз қолыңда!

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің шетелдегі серіктес университеттерінде білімнін жетілдіріп жүрген студенттермен сұхбат:

ms3Питтсбург мемлекеттік университеті, АҚШ
Игорь Горн – «Шет тілі: 2 шет тілі» мамандығының 3 курс студенті

Өз басым жоғары оқу орнына түсер алдында көп ойланған жоқпын, бірден Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін таңдадым. Себебі аталмыш оқу орнының мүмкіндіктері, атап айтқанда, сапалы білім мен халықаралық білім беру жобалары мені қатты қызықтырды. Екідипломды бағдарламасының студенті атану – алдыма қойған үлкен мақсаттарымның бірі еді және де мен оған қол жеткіздім. Бүгінде мен бірдей екі оқу орнының 3-курс студентімін – бірі қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша өзімнің Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті, екіншісі full-time жүйесі немесе күндізгі оқу бойынша АҚШ-тың Канзас штатындағы Питсбург мемлекеттік университеті.
2016 жылы мен екі дипломды аламын – өз университетімнің дипломы және америкалық оқу орнының дипломы.

ms11Джонгсансг Ұлттық университеті,Оңтүстік Корея
Жанара Садыкова, «Информатика» мамандығының 4 курс студенті
«Мен Оңтүстік Кореяның ең үздік ұлттық университеттерінің бірінде «Информатика» мамандығы бойынша білім алудамын және қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде оқуымды жалғастырып келемін. Көптеген адамдар бір уақытта екі бірдей университетте білім алу қаншалықты мүмкін деген сауалдар қояды. Бұл шынымен де керемет, мен «Бакалавриат 2+2» халықаралық екідипломды бағдарламасына өтіп, өз мақсатыма біршама жақындадым десем болады. 2-курс бітірген соң мен өз оқу орнымда қашықтықтан оқыту жүйесіне ауысып, екі жылға Оңтүстік Кореяға кеткен болатынмын. Биылғы жазда мен оқуымды тәмамдап, екі дипломды қолыма аламын. Осымен тоқтап қалмай, Оңтүстік Кореяға магистратураға тапсыруды жоспарлап отырмын. Осының бәрі өзімнің білім алып жүрген оқу орным - Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің арқасы деп білемін. Басқа еш оқу орны осындай мүмкіндікті бермес еді. 

ms12Татиева Алина, Шет тілі:екішет тілі мамндығы: Analysis of English Words и English Semantics пәні маған өте ұнайды. Бұл пәндер тек қана сөздің құрылысын ғана емес оның мағанасын түсінуге мүмкіндік береді. Тағы да мен Beginner English Conversationи Advanced English Conversation сабағын ұнатамын. Бұл сабақтарды Америкадан келген профессор жүргізеді. Біз топтармен, жекелей әртүрлі сабақтар өтеміз және атақты ақындардың шығармаларын оқимыз, өлеңдер тыңдаймыз, кинолар көреміз.

Шетелде оқып келген студенттердің пікірлері

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном