Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Педагогика факультеті
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Педагогика факультеті

decan PedFac
Әубәкірова Рахила Жұматайқызы

педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің педагогика факультеті – педагогикалық саладағы мамандарды даярлаудағы үздік факультеттердің бірі.
Факультет құрамына төрт кафедра кіреді: педагогика, педагогикалық психология, музыкалық білім, бейнелеу өнері және дизайн.

Жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып келесі мамандықтардың білім беру бағдарламалары бойынша мамандардың негізгі құзыреттіліктері қалыптастырылады:
- 5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
- 5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
- 5В010300 - Педагогика және психология;
- 5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу;
- 5В010600 - Музыкалық білім;
- 5В012000 - Кәсіптік білім;
- 5В042100 -Дизайн мамандығы.

pf4 Білім беру бағдарламалары білім алушылардың қызығушылықтарын есепке алуды, олардың білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз етуді, оқытушылар арасында бәсекелестікті, оқытудың әртүрлі әдістерін және білім беру сапасын бақылау формаларын қолдану және жетілдіруді көздейтін кредиттік оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырылады. Кафедралардың маман даярлауда үлкен тәжірибесі бар. Оқытушыларының ғылыми дәрежесі жоғары.

Қазіргі таңда факультетте жалпы орта, арнаулы орта және жоғары біліммен 700-ден аса студент білім алуда. Факультетте студенттердің өзін-өзі басқару жұмысы жолға қойылған. Оқытушылар рухани, шығармашылық тұлға, жаңа формациялы педагог мамандарын тәрбиелеуде қажырлы да, қарқынды, жан-жақты жұмыстар жүргізу үстінде. Білім алушылар академиялық ұтқырлық аясында Қазақстанның озық ЖОО-да білім алып, магистратурада, PhD докторантурада және шетелде білім алуды жалғастыру мүмкіндіктеріне ие.

БАКАЛАВРИАТ МАМАНДЫҚТАРЫ:
5В010200 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
pf5Мамандық бойынша берілетін академиялық біліктілік: 5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім бакалавры.
Білім беру екі траектория бойынша жүргізіледі:
• Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие ісі жөніндегі әдіскер;
• Бастауыш мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастырушы.
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттері педагогикалық практикадан қала мектептерінде, педагогикалық колледжде өтіп, жұмысына қажет дағды алып, оқыту әдістемесін игереді. Аталған мамандық бойынша негізгі жоғары білім алған тұлғалар мемлекеттік және өзге типті орта білім беретін мектеп, лицей, сондай-ақ колледжде еңбек ете алады.

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
pf1 5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша бітіруші түлекке мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Білім беру келесі траекториялар бойынша жүргізіледі:
• Мектепке дейінгі мекеме әдіскері;
• Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің психологы;
• Мектепке дейінгі инклюзивті білім беру педагогы.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бакалавры төмендегі қызметті атқара алады:
• мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі;
• педагогикалық колледж оқытушысы;
• білімді басқару департаментінде жетекші маман;
• педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру институтында мектепке дейінгі тәрбие бойынша маман.

5В010300 - Педагогика және психология
5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша бітірген түлекке педагогика және психология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру келесі траекториялар бойынша жүргізіледі:
• Білім берудегі педагог – психолог;
• Педагог – психолог, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі.
Педагогика және психология мамандығы бойынша бакалаврлар төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
• ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технология негізінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру);
• өндірістік және басқару («субъект-субъект» өзара әрекеті);
• жобалау (жалпы білім беретін орта мектептегі білім беруді жобалау);
• ғылыми-зерттеу (түрлі ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы ғылыми-зерттеу жобаларын модельдеу және жүзеге асыру, озық педагогикалық тәжірибені ғылыми негізде зерттеу, жинақтау, тарату);
• білім беру (психологияны және педагогиканы оқыту, мамандарды дайындау және қайта дайындау).

5В010600 - Музыкалық білім
5В010600 - Музыкалық білім мамандығы бойынша бітірген түлектерге музыкалық білім мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
pf2 Білім беру келесі траекториялар бойынша жүргізіледі:
• Музыкалық-көркем жұмыстарды ұйымдастырушы –педагог;
• Қосымша білім беру педагогы (музыкалық аспаптарды оқыту);
• Қосымша оқыту педагогы (вокалды-хор пәндерін оқыту);
• Балалар мектепалды білім беру мекемесінің музыкалық жетекшісі.
Түлектер музыка мұғалімі және музыкалық-көркемдік жұмыстарды ұйымдастырушы- педагог; музыка және өнер пәнінің мұғалімі; музыка мұғалімі және қосымша білім беру педагогы (пәні көрсетіледі); музыка мұғалімі және мектепке дейінгі балаларға білім беру мекемесінің музыкалық жетекшісі; қосымша білім беру педагогы (фортепиано класы, баян, аккордеон, домбыра, қобыз, хор дирижері, музыка теориясы мен сольфеджио және т.б.) дағдыларын меңгеріп шығады.

5В010700- Бейнелеу өнері және сызу
pf3 Мамандық бойынша берілетін академиялық біліктілік:5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу бакалавры.
Бітірушілердің кәсіптік қызмет объектілері болып әр түрлі оқу орындарындағы педагогикалық қызмет, шығармашылық және салалық ғылыми-зерттеу институттары мен лабораторияларда, көркем шеберханаларда , баспаханаларда жұмыс жүргізеді. Білім беру екі траектория бойынша жүргізіледі:
- бейнелеу өнері, сызу және технология пәні мұғалімдері;

- дизайнерлік қызмет.
Шығармашылық емтихандар: сурет, кескіндеме

5В012000 - Кәсіптік білім
Мамандық бойынша берілетін академиялық біліктілік: 050120 Кәсіптік оқытудың бакалавры.
Білім беру екі траектория бойынша жүргізіледі:
- технология, бейнелеу өнері және сызу мұғалімі;
- машина құрылысы ісі
Таңдау пәні: физика

5В042100 – Дизайн
Мамандық бойынша берілетін академиялық біліктілік: 5В042100 - Дизайн бакалавры.
Білім беру екі траектория бойынша жүргізіледі:
-сәулеттік дизайн;
-графикалық дизайн.
Оқыту мерзімі: күндізгі бөлімде – 5 жыл
Шығармашылық емтихандар: сурет, сызу.
5В042100 Дизайн мамандығы бойынша жоғары базалық білім алған мамандар сәулет өнерінің үзінділерін, экспозицияларды, ішкі көріністерді, өндірістік және тұрмыстық заттарды, сырттай бейнелеу коммуникациясы, жарнамаларды жобалауға және көркемдеу жұмыстарын орындауға маманданады. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Оқу мерзімі:
• Жалпы білім беретін орта мектептен кейін - 4 жыл.
• Орта кәсіби білім негізінен кейін - 3 жыл (сырттай
бөлім – 4 жыл)
• Екінші жоғары білім алу – 2 жыл (тек сырттай бөлім).

МАГИСТРАТУРА МАМАНДЫҚТЫРЫ:
6М010300 - Педагогика және психология мамандығы
6М010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша магистратура түлектері педагогика және психология магистрі академиялық дәрежесін алады. Ғылыми-педагогикалық даярлауда педагогикалық колледж және университет оқытушысы, педагогикалық ғылыми мекемелер қызметкер болып жұмыс істей алады. Оқу мерзімі - 2 жыл.

Біздің мекен-жайымыз: Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі 1, тел. деканат: 42-41-03 Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Педагогика факультетенің мамандықтар тізімі

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном