Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Инженерлік-технологиялық факультеті
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Инженерлік-технологиялық факультеті

ITF decan

Қасенов Әміржан Леонидұлы
Инженерлік-технологиялық факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің инженерлік-технологиялық факультеті – Қазақстандағы және елдің солтүстік-шығыс өңіріндегі тамақ және өңдеу өндірісіне мамандар даярлайды. Факультетте 60 пайыздан аса Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларының аспирантурасы мен докторантураларының ғылыми дәрежелері және атақтары бар оқытушылар қызмет атқарады. Факультет 12 бакалавр мамандықтары, 11 магистратура мамандықтары және 4 РhD-докторантура мамандықтары бойынша қабылдау жүргізеді. Барлық мамандықтарға және білім беру түрлеріне сәйкестендірілген мемлекеттік лицензиялар бар. Кейбір мамандықтар бойынша мамандар Қазақстанның 2-3 жоғары оқу рындарында ғана даярланады.

itf2Факультет құрамына 6 кафедра, сонымен қатар «Техникалық физика» кафедрасының филиалы ҚР Ұлттық ядролық орталығында (Курчатов қаласы) және «Жылукоммунэнерго» КММ, «Химия» және «Стандарттау және биотехнология» кафералардың филиалы Семей қаласындағы МПЗ «Ромат» АҚ, «Машина жасау технологиясы және механика» кафедрасының филиалы Семей қаласындағы «Машина жасау зауыты» АҚ, «Тамақ өнімдерінің және женіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасында 3 филиалы бар: «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ, «Кондитер МИКС» ЖШС, «Семипалатинский кожевенно-меховой комбинат» кіреді.

Күндізгі және сырттай оқу бөлімдеріне төмендегі мамандықтар бойынша студенттер қабылданады. Барлық мамандықтарда оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

itf1Факультет барлық қажетті материалдық-техникалық базамен, сондай-ақ қазіргі заманға сай зертханалармен, шеберханалармен жабдықталған, үлкен жұмыс тәжiрибесі және кең халықаралық байланыстары бар көпсалалы оқу орны болып табылады.

Факультетте дайындалатын мамандықтар Халықаралық және Ұлттық аккредитациядан және мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті. Екі мамандық 5B072700 –«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» және 5B072400 – «Тамақ өндірісінің машиналары мен жабдықтары» Халықаралық аккредитациядан өтті, сонымен 2014 ж. Факультеттің «Техникалық физика және жылуэнергетика», «Тамақ өнімдерінің және женіл өнеркәсіп ұйымдарының технологиясы», «Стандартизация және биотехнология», «Химия» кафедралары 2014 жылы арнайы аккредитациядан өтті. Университеттің халықаралық деңгейдегі білім берудің сапа жүйесі менеджментіне сәйкестігі 2009 жылы sGs фирмасымен (Швейцария) бекітілді. itf4Факультетте негізгі дайындықтан басқа шет тілдерінде және экономикалық дайындыққа, сондай-ақ тәжірибелік жұмыстарға дайындауға көп көңіл бөлінуде. Факультет студенттерінің болашақ мамандықты терең игеруге, ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысуға және демалуға мүмкіндігі бар. Факультет студенттері үшін жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген оқу лабораториялары, есептеу орталығы, компьютерлік және лингофонды кластар, интернет, кітапхана, өндірістік шеберханалар, жүзу бассейндері бар спорт кешені, «Юность» студенттер кафесі жұмыс істейді. Басқа қаладан келіп оқитын студенттерге жатақхана беріледі. itf5Факультет Жаңасібір мемлекеттік аграрлық университетімен, Кемерово азық-түлік өнімдерінің технологиялық институтымен, оңтүстік-Орал мемлекеттік университетімен, Туркияда Памукалле университетімен, Болгарияда Пловдив қаласында азық-түлік технологиясы университетімен, Томск политехникалық университетімен; Мәскеу тамақ технологиясының академиясымен; Кемерово тамақ өндірісінің технологиялық институтымен; Омск мемлекеттік аграрлық университетімен; Сібір сыр жасау ғылыми-зерттеу институтымен; ООО «ТеТем», Мәскеу қаласы; Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетімен; Мәскеудің мемлекеттік қолданбалы биотехнология университетімен халықаралық қарым-қатынас жасауда.

itf6Факультеттің студенттік өмірінің орталығы Қазақстан студенттер Альянсы (ҚСА), старостат кеңесі және кіші деканат болып табылады. Бұл құрылым тұлға тәрбиелеуді қалыптастыруда оқу-тәрбие үдерісінің негізі.

Жыл сайын техникалық мамандықтарына гранттар саны көп бөлінуде. Осы мамандықтар бойынша ауыл мектептерін бітірген түлектерге квоталық жеңілдіктер бар.

Сондықтан, Семей қаласының Шәкәрім атындағы МУ-нің күндізгі бөлімінің талапкерлерінің 50 пайызы инженерлік-технологиялық факультетінің мамандықтарының иелері. Оқуда үздік, белсенді, спортпен шұғылданатын студенттерге, сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардың балаларына оқуға ақы төлеуде жеңілдіктер қарастырылған. Бізде Астана, Алматы, Жезқазған, Петропавловск, Көкшетау, Павлодар, Шымкент, Талдықорған, Өскемен т.б. қалалардың студенттері оқиды. Біздің түлектер Қазақстанның барлық аймақтарында және шет елдерде жұмыс істейді. Бакалавриаттан кейін магистратурада тереңдетіліп оқыту жүргізіледі. Магистратураны үздік бітірген магистранттар университет докторантурасында оқуды жалғастырып, оны аяқтағаннан кейін профильдік дайындығы бойынша PhD доктор дәрежесіне ие болады. Бакалавриаттың, магистратураның және PhD докторантураның дарынды студенттеріне шетелдік серіктес университеттерде оқуды жалғастыруына мүмкіндік беріледі.

Семей қаласы және ШҚО аудандарының мектеп түлектеріне жыл сайын факультетте химия пәні бойынша қалалық олимпиада өткізіледі.

Мекен жайымыз:  Семей қаласы, Физкультурная көшесі, 4,  9 ғимарат. Тел.:: (87222) 35-46-02,  e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Инженерлік-технологиялық факультетінің мамандықтар тізімі

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном