Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті

decan iktКакимов Айтбек Қалиұлы
факультет деканы, техника ғылымдарының докторы, профессор

ikt2Жаңа ғасыр кез келген саланың мамандарына жаңа талаптарды қоюда. Осыған орай адам өміріне компьютерлік технологиялар күн сайын жедел ене бастады. Қазіргі таңда компьютерлік технологиясыз іскерлік, саяси, мәдени қатынастарды қойғанда қарапайым адами қарым-қатынасты қалыптастыру қиын. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар саласының маманы болу болашағы зор, себебі Қазақстан секілді дамушы елдерде осындай мамандардың жеткіліксіздігі үлкен мәселеге айналып отыр. Қазірдің өзінде бірнеше мыңдаған мамандарға сұраныс артып келеді. Ақпараттық технологиялар саласында білім алған жоғары білімді маманның болашақта әртүрлі салада жұмыс істеуге мүмкіндіктері өте көп. Осы саладағы мамандарды Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінде даярлайды.

Факультет 7 мамандық бойынша мамандар дайындайды.
ikt1- 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығын бітірушілердің кәсіби қызмет салалары: әр түрлі ақпараттық жүйелерді жасайтын, іске қосатын және қолданатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдары: машина құру, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым мен білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық саласы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, әр түрлі техникалармен басқару.
5-ші пән – физика. Оқу мерзімі - 4 жыл. Академиялық дәрежесі: техника және технологиялар бакалавры.

- 5В070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығын бітірушілердің кәсіби қызмет салалары: әртүрлі бағыттардағы автоматтандырылған ақпаратты-басқару жүйелері; әртүрлі бағыттағы мәліметттерді қабылдау, өңдеу және жіберудің автоматтандырылған жүйелері; жобалау, монтаж және күрделі автоматтандырылған ақпараттық жүйелері.
5-ші пән – физика. Оқу мерзімі - 4 жыл. Академиялық дәрежесі: техника және технологиялар бакалавры.

- 5В070400 «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету» мамандығын бітірушілердің кәсіби қызмет салалары: аппаратты-программалық кешен компоненттерінің архитектурасын жобалау; басқару және ақпаратты өндеуде компьютерлік жүйені жүзеге асыру үшін есептеуіш техникасы құралдарын қолдану; инсталляциялау, баптау және қолданбалы программалық қамтамасыз ету.
5-ші пән – физика. Оқу мерзімі - 4 жыл. Академиялық дәрежесі: техника және технологиялар бакалавры.

ikt3- 5В071100 «Геодезия және картография» мамандығын бітірушілердің кәсіби қызмет салалары: өнеркәсіп, ғылым, білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы, жер ресурстарын басқару; мемлекеттік әскери - өндірістік кешен, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстар.
5-ші пән – география. Оқу мерзімі - 4 жыл. Академиялық дәрежесі: техника және технологиялар бакалавры.

ikt4- 5В090100 - "Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру" мамандығын бітірушілерге әкімшілік орындарында, көліктік өндірістерде және ұйымдарда, сонымен қатар мемлекеттік көліктік инспекцияларда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оларға қазіргі заманғы процестерді бағалай алуы, көліктегі қозғалысты ұйымдастыруға және оны жобалау, модельдеуге байланысты кешенді мәселелерді, қазіргі заманғы маркетинг пен менеджментті пайдалану негізінде көлікті қолдану жұмыстарының ұйымдастырушылық заңдылықтары мен процестерін оқып-білуі, логистика принциптерінің негізінде көлік түрлерінің өзара әсері мен тасымалдау процестерін білуі керек, сонымен бірге көлікті пайдалану тиімділігін арттыру бағытында зерттеу жұмыстарымен айналысуы тиіс.
5-ші пән – физика. Оқу мерзімі - 4 жыл. Академиялық дәрежесі: қызмет көрсету аймағындағы бакалавр.

- 5B072900 - «Құрылыс» мамандығын бітірушілердің кәсіптік қызмет салалары құрылыс-жинақтау басқармалары мен ұжымдары, құрылыс бұйымдарын өндіретін зауыттар, коммуналды шаруашылық мекемесі, құрылыс техникасы мен қондырғыларын жөндеу және пайдалану мекемелері, құрылыс бойынша акционерлік бірлестік бола алады. Мамандардың кәсіптік қызметі құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізуге және ұйымдастыруға, техникалық қондырғылар мен ғимараттарды пайдалану жұмыстарын жүргізуге және ұйымдастыруға, ғылыми-зерттеу ұжымдарында ғылыми педагогикалық салада ғылыми жұмыстар жүргізуге бағытталған.
5-ші пән – физика. Оқу мерзімі - 4 жыл. Академиялық дәрежесі: техника және технологиялар бакалавры.

ikt5- 5В073000 - «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандығын бітірушілердің жобалау, құру, қайта жабдықтау бағыттарында сондай-ақ құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіретін мекемелерді пайдалану сияқты салаларда кәсіби білімі мен мүмкіндігін толығынан көрсете алатын жағдайда жұмыс істеуге дайын. Сонымен қатар жұмыс істейтін орындары: құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіретін орындар мен құрылыстық және оны пайдалану мекемелерінде инженер-технолог, жұмыс жүргізуші;жобалау мекемелері мен оның бөлімшелерінде инженер; ғылыми-зерттеу мекемелері мен олардың жүйелік бөлімдерінде ғылыми қызметкер; муниципалды инфрақұрылымдық объектілердің жетекшісі; кәсіби мамандар дайындайтын оқу орындарында оқытушы; үкіметтің әкімшілік органдарында – құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіретін мекемелердің дайын бұйымдарын лицензиялау мен сертификациялау мәселерін шешу.
5-ші пән – физика. Оқу мерзімі - 4 жыл. Академиялық дәрежесі: техника және технологиялар бакалавры.

Сондай-ақ, факультет келесі мамандық бойынша магистратурада мамандар даярлайды:
- 6М070200 Автоматтандыру және басқару.
ikt6Барлық мамандық пен оқу түрлері мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Мамандық дайындау кафедралары арнаулы зертханалармен, қазіргі өмір талабының компьютерлерімен және басқа керекті техникалармен қамтамасыз етілген.
Факультет түлектері магистратураны және PhD – докторантураны жақын және алыс шет елдердің ЖОО жалғастырады.
Факультеттің мамандық дайындау кафедралары қазіргі нарық еңбегіне білікті мамандар дайындауға толық мүмкіндігі бар!
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің мамандықтарын таңдаңыз!

Біздің мекен-жайымыз: Семей қаласы, Глинка көшесі 20 а, бас ғимарат. Тел.: 35-84-66

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің мамандықтар тізімі

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном