Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Физика-математика факультеті
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Физика-математика факультеті

decan fmf
Берікханова Гүлназ Еженханқызы

физика-математика факультетінің деканы,физика-математика ғылымдарының докторы,доцент

fmf3Физика-математика факультеті – физика-математика саласындағы білікті мұғалімдер мен мамандарды дайындайтын Шығыс Қазақстан облысындағы зияткерлікоқу-ғылыми орталықтардың бірі. Ұзақ жылдар бойы кафедра басқарып, проректор қызметін атқарған ҚазССР ҒА-ның мүше-корреспонденті, көрнекті ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, факультет түлегі Т.Ы.Амановты мақтанышпен атаймыз.
Факультетте ғылыми-педагогикалық потенциалы жоғары. 3 ғылым докторы, 50-ге жуық профессорлар, доценттер және оқытушылар қызмет атқарады. Факультетте көптеген отандық, шетелдік ұйымдармен және университеттермен халықаралық ғылыми және білім беру байланыстары орнатылған. Олар: Әл-Фараби атыңдағы ҚазҰУ-нің математика және механика институты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.В.Ломоносов атындағы ММУ, Томск мемлекеттік педагогикалық институты, Башқұрт мемлекеттік университеті (Уфа қ.), Цзинь-Дзиянь университеті (Қытай), Джионсанг (Оңтүстік Корея) және т.б.
Факультет түлектері 100% жұмысқа орналасуда. Сонымен қатар, Қазақстанның және шетелдердің беделді университеттерінде магистратура мен PhD докторантура оқуларын жалғастыруда.

ФАКУЛЬТЕТ ҚҰРЫЛЫМЫНА 3 КАФЕДРА КІРЕДІ:
• Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы
• Физика кафедрасы
• Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

fmf5fmf2fmf1fmf6fmf4fmf7

МАМАНДЫҚТАРЫ БОЙЫНША КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ:

Бакалавриат
• 5B010900 Математика
• 5B011000 Физика
• 5В060400 Физика
• 5B011100 Информатика
• 5В060200 Информатика

Магистратура
• 6М010900 Математика
• 6М060100 Математика
• 6М011000 Физика
• 6М011100 Информатика
• 6М060200 Информатика

ОҚУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ:
• орта білім негізінде – 4 жыл (күндізгі);
• орта кәсіби білім негізінде – 3 жыл (күндізгі,
• сырттай);
• екінші жоғарғы білім – 3 жыл (сырттай);
• магистратура – 2 жыл.
• профильдік магистратура – 1 жыл

ТҮЛЕКТІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ОБЪЕКТІСІ:
• ғылыми-зерттеу және ғылыми аналитикалық мекемелер;
• мемлекеттік-әкімшілік ұйымдар;
• арнайы мамандандырылған, орта кәсіби және орта білім беретін мекемелер;
• орта-техникалық және кәсіби білім беру мекемелері;
• мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардағы қаржылық-аналитикалық болжау орталықтары;
• фирма және компаниялардағы өндірістік-басқарушылық физикалық лабораториялар;
• банктік және коммерциялық құрылымдардағы программист, инженер және оператор-менеджер қызметтері.

Біздің мекен-жайымыз: Семей қаласы, Е.Қашаған көшесі, 1. Тел.: 8 (7222) 77-32-29

Физика-математика факультенің мамандықтар тізімі

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном