Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Филология факультеті
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Филология факультеті

Филология – өнердің қамбасы, тектілер жалғасы...

decan ff
Қадыров Айбар Қабыкенұлы

филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Ізгілік пен достықты, өнер мен білімді қатар ту қылып ұстаған өнерлі де, өренді факультет – ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ!
Филология факультеті ежелден келе жатқан факультеттердің бірі, оның тарихы 1939 жылдан басталады. 80 жылдық тарихы бар университетпен бірге жасап келе жатқан факультет бүгінде қанатын кеңге жайып, жоғары білімді мамандарды даярлап келеді.

Факультетіміздің басты мақсаты - қазіргі заман талабына сай шығармашыл жастарды әртүрлі бағыттағы маман ретінде даярлау. Тек қана бізде жан – жақты тыңғылықты маман болуға, өз елінің тілін, әдебиетін, ата – бабадан қалған ана тілдің бұзылмаған қаймағын, салт – сана дәстүрін қастерлеп, бүгінгі заманға сай бәсекеге қабілетті, мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар болып шығуынызға толық мүмкіндік бар. Факультет әрекетінің барлық бағыттары факультеттің ғылыми-білім кешенінің оқу-әдістемелік жұмыстар нәтижелерін нарықпен ұштастыра алатын және бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды қалыптастыру міндеттеріне бағытталған Біздің факультетімізде біліктілігі жоғары мамандар қызмет атқарады. 40 – тан астам тәжірибелі мамандар жұмыс жасайтын 4 кафедрада:
Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы;
Қазақ әдебиеті кафедрасы;
Шетел филологиясы кафедрасы;
Орыс филологиясы кафедраларында .

1 ғылым докторы, 25 – тен астам кандидат, доцент және магистрлар бар.
ff2901 1

Мамандарды даярлау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асады:
Бакалавр мамандығы бойынша:
1. 5B011700 "Қазақ тілі және әдебиеті"
2. 5В011800 «Орыс тілі және әдебиеті»
3. 5B012100 "Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті"
4. 5В012200 "Орыс тілінде оқытпайтын мектептердің орыс тілі мен әдебиеті"
5. 5В020500 "Филология (қазақша)"
6. 5В021000 «Филология; шет тілі»
7. 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»

Жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар:
Магистратура (академиялық дәреже)
6М020500 "Филология: қазақ тілі"
6М020500 "Филология: орыс тілі"
6М011700 5B011700 "Қазақ тілі және әдебиет"

Факультет студенттеріне білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Солардың ішінде басқа қалалардағы оқу орындарымен тәжірибе алмасу мақсатында академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Тек еліміздегі қалалар ғана емес, шет мемлкеттермен байланыс орнатылған.
Соның ішінде «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттеріне қос дипломдық бағдарламасы бойынша Оңтүстік Кореядағы Джионгсан ұлттық университеті мен АҚШ-тағы Питсбург университетінде білім алуына мүмкіндік бар.

ff2901 2 ff2901 3

Бұл ретте біздің факультетке де Оңтүстік Кореядан жыл сайын шетел студенттері келіп, білім алады.

ff2901 4 ff2901 5

Оқу процесі барысында факультетімізде қазіргі заман технологиялары, электронды білім беру бағдарламалары, мультимедиялық кабинеттермен ғаламтор желісі белсенді қолданылады.
Факультетімізде Сіздерге тек білім беріп қана қоймай, жаңа ақпараттық техологиялармен қатар, тіл мен әдебиетті оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдермен таныстырады.

ff2901 6 ff2901 7

Факультетте студенттердің білімін нығайтып, ізденімпаздығын арттыру мақсатында ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды.
Болашақ филолог мамандар ғылыми жұмыспен ынта-жігерімен айналысып, өзінің жұмыстарын, ғылыми басылымдарға жариялап, өз баяндамаларымен тек өз елімізде ғана емес Ресей елінде де жобаларын ұсынып, жеңімпаз атануы осының дәлелі.

ff2901 8 ff2901 9

Филология факультетінің студенті болу арқылы Сіз ұстаз мамандығынын қыр-сырын жете меңгересіз. Тек теориялық жағынан ғана емес, сонымен қатар мектептегі педагогикалық тәжірибе барысында Сіз оқушылармен жұмыс істей отырып, өзіңіз үшін өмірлік тәжірибе жинайсыз.

ff2901 11 ff2901 12 ff2901 13

Факультет студенттеріне алыс – жақын шетел оқу орындарынан атақты профессор-ғалымдар дәріс оқып, тәжірибе алмасады. Атап айтқанда, АҚШ-тағы Солтүстік Дакота , Батыс Вирджиния, Техас штаты және Стамбул университеттерінің профессорлары.

ff2901 14 ff2901 15

Біздің студенттер заманауи талапқа сай жатаханалармен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ студенттерді университетіміздің қоғамдық өмірімен таныстырып, олардың шығармашылық қабілетін арттыратын көптеген студентік үйірмелер де жұмыс жасайды. Соның ішінде «Сегіз қырлы, бір сырлы», жан-жақты, өнерлерінен бал тамар студенттерді тәрбиелеу арқылы болашақ белсенді, патриот жастарды қалыптастыру мақсатында студенттік «Қарагөз» драма театры.

ff2901 16 ff2901 17

Өз қабілеттерінізді тек қана білім жағынан емес, қоғамдық жұмыстарға белсене араласу арқылы шыңдай аласыз. Сабақтан тыс уақытта біздің оқу орнындағы дебат клубтарға, әр түрлі үйірмелерге қатыса аласыз. Сондай белсене дамып келе жатқан үйірмелердің бірі ақындар мектебі. Бұл ақындық өнерді өздеріне серік етіп, талай қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары да аз емес.

ff2901 18 ff2901 19

ff2901 20 ff2901 21

Қазақ үшін өлеңнің бағасы - құт,
Текті жырдан кетердей бағы ашылып.
Сұлы берген тұлпардай таң асырып
Ақын жүрек келеді аласұрып!
Факультетіміздің от ауызды, орақ тілді жас ақындары – еліміздің мақтанышы.

Филология факультетінің студенті бола отырып, Сіз:
- жоғары білім аласыз;
- тіл білімі және әдебиет тану саласының нағыз маманы боласыз;
- педагогикалық шеберлік құпиясын ашасыз;
- студентік шағыңызды ұмытылмастай өткізесіз.

 Филология мамандығы – әмбебап мамандық: Сіз тек ұстаз ғана емес, жоғары білімді, сауатты болумен қатар, тіл білімі мен әдебиеттің барлық сырын меңгеріп, жеке тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік ие боласыз..

Осындай факультет бар қазақы орын,
Асатын талайлардан талабы оның.
Ойланбай қызық толы ортаға кел,
Кеңейтіп біздегі алғыр бала қорын!

 Біздің мекен-жайымыз: Семей қаласы, Шугаева көшесі, 159, №8 оқу ғимараты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, телефон: 53-06-70

Филология факультетінің мамандықтар тізімі

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном