Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

decan fegpn
Толымғожинова Майгүл Қамбарханқызы
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ірі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Факультете оқу үдерісі келісілген білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар мен магистранттарды төмендегідей бағыттарда дайындайды:

Бакалавриат Магистратура
5B011400 – Тарих
5В020300 – Тарих
5В020700 – Аудармаісі
5В030100 – Құқықтану
5B050200 – Саясаттану
5В050300 – Психология
5В050400 – Журналистика
5В050600 - Экономика
5В050800 – Есеп және аудит
5В050900 - Қаржы
5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
6М01400 – Тарих
6М011500 – Құқық негіздері және экономика
6М020300 – Тарих
6М050300 – Психология
6М050600 - Экономика
6М050700 - Менеджмент
6М050800 – Есеп және аудит
6М050900 - Қаржы
6М051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
6М090800 – Бағалау

egpn10Факультетте бакалаврларды дайындау бағдарламасында білім беру күндізгі және қашықтан оқыту түрінде жүргізіледі. Қашықтан оқыту технологиясы бойынша білім беру орта білім мен мамандаған және жоғары білімі бар барлық мамандықтарда жүргізіледі.
Факультет білім беру бағдарламасын Питтсбург университетімен (АҚШ), Джионгсангктік ұлттық университеті (Оңтүстік Корея), Кодолани атындағы қолданбалы өнер университетімен (Венгрия), Конии Нежметтин Ербакан университетімен (Түркия), Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясымен (Барнаул қаласы), Томск мемлекеттік университетімен, Мимар Синан өнер университеті, гуманитарлық зерттеулер Тува институтымен (Тува) өзара тығыз байланыс орнатып отыр.

egpn2Факультет студенттеріне алыс және жақын шетелдерден доктор Чунг Ли (АҚШ), Твевер Девис (Англия), Дина Аманжолова (РФ), Владимир Ламин (РФ), PhD Мерием Хакым (Турция), Нергиз Бирай PhD (Турция), Линей Хосек (АҚШ) дәріс оқиды. 2011-2012 оқу жылында дәріс оқуға және бірлескен ғылыми жобаларды орындау үшін Солтүстік Дакотадан (АҚШ), Батыс Виржиниидан, Техас штатынан, Түркия, Стамбулдағы Мармара университетінен профессорлар шақыртылды.
Шет тілдерін терең, жан-жақты меңгеру үшін жыл сайын факультет оқытушылары мен студенттері АҚШ, Германияға,Ұлыбританияға оқуға жіберіледі.
egpn12Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің материалдық базасы жаңа стандарт пен сұраныстарға сай. Факультетте 1-С бухгалтерлік кабинет, «Салық басқармасының протопипі» лабораториясы, Projes Expert бағдарламасының өкілдері, Mancossa халықаралық бағдарламасын оқытуда мамандырылған аудитория бар. «Журналистика» мамандығының студенттері сабақ барысында жабдықталған телестудияда білім алады.
«Психология» мамандықтарының студенттері үшін «Өзін-өзі тану» кабинеті ашылған. «Құқықтану» кафедрасында сот отырысы залы және криминалистика кабинеті бар. Сондай-ақ, журналистика мамандықтарында оқитын студенттерге радио және телестудиялар да бар.
egpn3Факультеттегі оқу үдерісінде жаңа компьютерлік технологиялар, электронды оқу бағдармалары,мультимедиялыматериалдар, интернет ресурстары пайдаланылады. Факультет студенттері жаңа үлгідегі жаңа мүмкіндіктері баржатақханамен қамтамасыз етілген. Факультетте жоғары маманданған көп жылдық тәжірибесі бар, көп жылдар еңбек еткен теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра білетін ғалымдар жұмыс істейді. Факультеттің кадрлық әлеуеті докторант, кандидат және магистранттармен толығады. Ал кадрлық құрам Рhd докторантурада оқып жатқан, ғылыми атағы мен дәрежесі бар оқытушылардан тұрады. Оқу үдерісі болашақ мамандардың тәжірибелік біліктілік сапасын арттыруға бағытталады. Факультеттің ПОҚ технологияларды қолдану барысында интерактивті әдістер мен модульді білім беру бағдарламарын дамытып отырады.
Факультет оқытушылары қашықтан оқыту тезарусын, эссе, кейс үдерісін енгізді.
egpn7
Іскерлік ойын, жағдаяттан шығу, әлеуметтік сауалдар т.б. курстық жұмыстар мен диплом жұмыстарында қолданылып отырады. Факультет студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатысады. Факультетте экономикалық және гуманитарлық білім беретін мектептер мен колледждермен бірлескен олимпиадалар үнемі өткізіліп отырады. Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінде студенттік бірлесіктер әрекет етеді.

Мәлелен:
• Студенттік парламент
• Қазақстан студенттер альянсы
• «Парасат» дебат клубы
• «Конгресс» дебат клубы
• «Жас отан» жастар қанаты
• КТК
• «Заңгер», «Кәсіпкер», «Археолог», «Нить Ариадны», «Созвучие», «English Club», «Жаңа ғасыр», «Софийцы» сынды ғылыми-танымдық үйірмелер.
egpn6
Факультет студенттері салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Республикалық және халықаралық турнирлердің бокс, дзюдо, күрес, жүгіру, жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу, футбол, баскетбол, волейбол, шахматттан спартакиадаларға қатысады. Студенттер білім алумен қатар университет көлеміндегі жастар ұйымдарының, Дебат клубтарының, КТК сияқты басқа да мәдени шараларға қатысып отырады.

Біздің мекен-жайымыз: Семей қаласы, Глинка көшесі, 20 а. Байланыс телефоны: 35-60-29 

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің мамандықтар тізімі

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном