Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Аграрлық факультет
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Аграрлық факультет

Аграрлық факультеті Қазақстанның солтүстік–шығысындағы ауылшаруашылығы саласындағы жоғары білімді мамандарды дайындайтын сонау Семей зоотехникалық – малдәрігерлік институтынан бастама алған, бүгінгі таңда 60 жылдық тарихы бар жалғыз оқу орыны.

afdekan1
Сейлгазина Сәуле Мұнқанқызы
аграрлық факультеттің деканы, профессор

Мемлекет басшысының Нұрлы жол-болашаққа бастар жол Қазақстан халқына Жолдауында білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясының дамуына үлкен мән берілген. Бүгінгі күні халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін инновациялық экономика мен әлеуметтік салаға енгізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет болып табылады.
Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес қазіргі таңда Аграрлық факультет АӨК облыстың ірі өндірістерімен егіншілік, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы дамыту барысында жұмыс істелуде. Факультет ғалымдары студенттермен бірге ғылыми бағдарламалар мен жобаларға белсенді қатысады. Университетте және факультетте бекітілген ғылыми зерттеулер, мал шаруашылығының және өсімдік шаруашылығының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламалармен жұмыс істеуде. Негізгі тапсырыс берушілер: ҚР Білім және Ғылым министрлігі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармалары болып табылады.

Факультеттің негізгі мақсаты - жоғары маманданған мамандар даярлау, олай дейтініміз, факультетіміз заманауи жаңа оқыту техникаларымен жабдықталып, оқытудың жаңа озық тәсілдері мен бағдарламаларын іске асыру барысында айтарлықтай дамып келеді. Факультетімізде білімді де білікті профессорлар, 10 ғылым докторлары мен 38-ғылым кандидаттары, доценттер және профессор-оқытушылар құрамы оқу-тәрбие жұмыстарымен шұғылданады. АФ студенттерді 7 жоғарғы бакалавриат, 2 жоғарғы және 5 магистратура мамандықтары бойынша мамандарды даярлайды.

agr10БАКАЛАВРИАТ МАМАНДЫҚТАРЫ:
5В060700 – Биология. Жаратылыстану бакалавры, 4-ші пән – биология;
5В060800 – Экология. Экология бакалавры, 4-ші пән – биология;
5В073100 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі. Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі бакалавры,4-ші пән – физика;
5В080100 – Агрономия. Агрономия бакалавры, 4-ші пән – биология;
5В080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы (Зоотехния) Ауыл шаруашылық бакалавр, 4-ші пән – биология;
5В080300 – Аңшылықтану және аң шаруашылығы. Ауыл шаруашылық бакалавры, 4-ші пән – биология;
5В080700 – Орман ресурстары және орман шаруашылығы. Орман шаруашылығы және орман ресурстары бакалавры, 4-ші пән - география.

ЖОҒАРЫ АРНАЙЫ БІЛІМ:
5В120100 - Ветеринариялық медицина. Біліктілігі- мал дәрігері, 4-ші пән – биология;
5В120200-Ветеринариялық санитария. Біліктілігі- ветеринарлық санитариялық дәрігері,4-ші пән - биология.

agr12ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ МАМАНДЫҚТАР:
Магистратура (академиялық дәреже): 6M060700 Биология,- биология магистрі; 6M060800 Экология,- экология магистрі; 6М080100 Агрономия,- агрономия магистрі; 6M120100 Ветеринариялық медицина,- ветеринариялық медицина магистрі; 6M120200 Ветеринарная санитария,- ветеринариялық санитария магистрі; 6М080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы,- ауыл шаруашылық магистрі.

Факультетімізде білім алатын студенттер үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Атап айтсақ, 3 оқу ғимараты, кітапхана, биологиялық музей, жылыжай, заманауи құралдармен жабдықталған 10 зертханадан тұратын агротехнопарк, оқу – тәжірибесіне арналған шаруашылық, кафедраның өндірістік филиалдары бар.

Білім беру үрдісі негізінде оқулықтар, электронды оқулықтар, ғаламтор желісіне қосылған компьютерлік сыныптар, Wi-Fi, электронды кітапханада заманға сай талаптармен қамтамасыз етіліп жабдықталған. Сонымен қатар, заманауи ғылыми зертханалар іске қосылып, теориялық алған білімдерін тәжірибеде қолдануға толық мүмкіндік жасалған. Осыған орай ізденімпаз, ғылымға деген құштарлықтары мол студенттер ғылыми үйірмелерде машықталып, жыл сайын облыстық және республикалық деңгейлерде өткізілетін ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Бұл осымен ғана шектеліп қоймай студенттердің академиялық ұтқырлығы бойынша және тағы басқа халықаралық бағдарламаларға қатысып, өз білімдерін жетілдіре отырып, Қазақстанның ұлттық оқу орындарында және шет мемлекеттерде магистратурада, РҺD докторантурада білімдерін жалғастырып жатқан студенттерімізбен мақтана аламыз.agr1

Студенттердің 90% жалпы білім беру және қалалық әкім гранттарында оқиды.
Біліктілікті жетілдіру бойынша алыс және жақын шетелдердің жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыстар жасалуда, сонымен қатар оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы бойынша Америка Құрама Штаты, Англия, Түркия, Болгария және Польшамен жұмыс жасалуда.
Білім беру бағдарламасын жақсарту аясында жыл сайын алыс және жақын шетелдерден дәріс оқу және ғылыми зерттеу жұмыстарын жетілдіру үшін ғалымдар шақырылады. (Туркия, АҚШ, Франция, Болгария, Польша Иркутск, Санкт-Петербург, Москва, Омск, Новосибирск және т.б.).
Оқу үрдісінде алыс және жақын ауылдардан, басқа қалалардан келетін студенттеріміз үшін жатақхана мәселесі де толықтай шешімін тауып, еш шағымсыз студенттеріміз бос уақыттарын тиімді пайдаланып, мағыналы істермен айналысады. Жатақхана оқу бөлмесімен, медициналық кабинетпен, интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен қамтамасыз етілген. Дәлірек айтсақ университетіміздің спорт кешені толық жаңарту жұмыстарынан өтіп, қазіргі таңда студенттер мен оқытушыларға да салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында барлық жағдайлар жасалуда. Бассейн, тренажорлық зал, үлкен және кіші теннис, сонымен қатар басқа да спорт ойындарының секциялары жүргізіледі.

Біздің мекен-жайымыз: Семей қаласы, 071407 Аграрлық факультет, Шугаев көшесі 159 , телефон 53-19-70

Аграрлық факультетінің мамандықтар тізімі

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДА ЕҢ БЕДЕЛДІ ОҚУ-ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚ!

agr26015
БІЗДЕ ОҚЫҒАН ҚЫЗЫҚТЫ!
agr260111
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
agr260118
КӘСІПКЕРЛІК ОРТАЛЫҚ
agr260123
БІЗ ЗАМАНМЕН ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯМЕН НЫҚ ЖҮРЕМІЗ!
agr260127
СТУДЕНТТІК ӨМІР
agr260133
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
agr260139
БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!
agr260147
БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!

agr260152
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
agr260163
ШЕТ ЕЛДЕ БІЛІМ АЛУ

agr260168
ТҮЛЕКТЕР
agr260178
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА
Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном