Notice: Undefined index: adminshield in /home/jas/programm/joomla3/plugins/system/adminshield/adminshield.php on line 35 Университет жайлы
 Талапкерлерді рекрутингілеу орталығы: +7 (7222) 31-54-63, 36-03-96
1df1584ae04b444c5bc1b5abcde9eaff.jpg

Унивеситет жайлы

Шәкәрім университеті – еліміздің Солтүстік-Шығыс өңіріндегі мәдени, оқу-әдістемелік және ірі ғылыми орталық болып саналады.

Шәкәрім университеті – педагогикалық, зоотехникалық-малдәрігерлік, қаржы-экономикалық және технологиялық институттарының бірігуімен құрылған.

Шәкәрім университеті – қазіргі заманға сай зертханалар және шеберханалармен жабдықталған, үлкен жұмыс тәжiрибесі және кең көлемде халықаралық байланыстары бар көпсалалы оқу орны болып табылады.

Шәкәрім университетінің 7 факультетінде жалпы саны 5 мыңнан астам студент бакалавриаттың 60 мамандығы бойынша, 2 жоғары арнаулы білім беру бойынша, магистратураның 39 мамандығы және 6 мамандық бойынша Ph.D докторантурада білім алуда.

Шәкәрім университеті – оқу орнында 1300-ге жуық ұстаздар мен қызметкерлер еңбек етеді. Олардың 13-і халықаралық және республикалық академиялардың академиктері мен корреспондент мүшелері, 37 ғылым докторлары мен профессорлар, 200 ғылым кандидаттары мен доценттер, 151 магистрлар.

Шәкәрім университеті – қазіргі заманға сай оқу процесстеріне қажетті жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы мен сапалы оқу-әдістемелік база және мықты инфрақұрылымы арқылы университет 2004 жылдан бері кредиттік жүйе бойынша білім беру құқығына ие болды. Ал 2009 жылы университетте оқу процесіне қашықтан білім беру үрдісі енгізілді.

Шәкәрім университеті – қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен жарақтандырылған оқу және ғылыми зертханалары, компьютер сыныптары, жеті жүз мыңнан астам кітап қоры бар.

Шәкәрім университеті – қазіргі заманға сай материалдық, техникалық базамен және арнайы зертханалармен жабдықталған. Университет құрамында 12 оқу ғимараты, оқу залы мен медиотекасы бар ғылыми кітапхана, 1300-ден астам компьютері бар компьютерлік паркинг, бассейн мен 2 тренажерлік залы бар. Сондай-ақ, арнайы футбол алаңы бар 2 спорт кешені, 1 спорт залы, медициналық орталық пен қазіргі заманға сай медициналық жабдықтармен жабдықталған емдеу-сауықтыру орны жұмыс істейді. Сырт жақтан келіп оқитын студенттерге пәтерлік үлгідегі жатақханалардан және қала орталығында орналасқан «Студенттер үйінен» тұрмысқа қолайлы бөлме беріледі.

Шәкәрім университетінің 32 ғалымы «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» атанып, мемлекеттік гранттың иегері болды.

Шәкәрім университеті – бірнеше беделдi халықаралық ұйымдардың мүшесi. Сондай-ақ АҚШ, Қытай, Монғолия, Германия, Нидерланды, Ұлыбритания, Жапония, Түркия, Чехия, Словения, Польша, Ресей, Беларуссия, Украина, Балтық жағалауындағы бірнеше мемлекеттердің ЖОО-дарымен халықаралық ынтымақтастық пен iскерлiк байланысты жүзеге асырады.

Notice: Undefined index: c804e3b8e in /home/jas/programm/joomla3/templates/bt_education/tpls/blocks/navhelper.php on line 1
Шаблоны с адаптивным дизайном